Сейсможаттығу кезінде жер сілкінгені сезілді

3556
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06
Алматыда сейсмикалық жаттығулар кезінде жер сілкінді. Бұл туралы Сейсмологиялык зерттеу институты айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. «2024 жылғы 23 ақпанда сағат 10:08-де жер сілкінісі тіркелді. Оның эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 259 км жерде) орналасқан. Зардап шеккендер мен ғимараттарға зақым келгені туралы ақпарат жоқ. Жағдай тұрақты»,—делінген хабарламада. Айта кетейік, бүгін Алматыда жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау үшін оқу-жаттығу өтті. Таңғы сағат 10:00-де қала бойынша дабыл жүйелері іске қосылды.
Комментарии
Другие материалы