Ақ үйдің маңында. Вашингтонда наразылық шерулері өтті

3087
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/whatsapp-image-2024-01-14-at-16.42.53.jpeg
Вашингтонда Ақ үйдің жанында наразылық шерулері өтті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі FoxNews басылымына сілтеп. 13 қаңтар күні Вашингтонда жұртшылық Палестина мен Йемендегі атысты тоқтатуды талап етіп, наразылық білдірді. Наразы топ полицияға әртүрлі заттарды лақтырып, Ақ үйдің қоршауын зақымдаған. АҚШ құпия қызметінің мәліметінше, президент Джо Байден қазір Мэриленд штатындағы Кэмп-Дэвидте. Дегенмен наразылық білдірушілер қамауға алынбаған. Вашингтон полиция департаментінің басшысы Памела Смиттің айтуынша, бейбіт наразылық білдіру құқығы АҚШ демократиясының маңызды бөлігі болғанымен, "зорлық пен қылмыстық әрекетке жол берілмейді".
Комментарии
Другие материалы