31 желтоқсан күні Қазақстанда 100-ге жуық өрт болған

2950
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/photo_437941-960x500.jpeg?token=824af10b0b44c50e295b1bb47e7f6dcc

31 желтоқсан күні 518 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Бұл турплы Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жаңа жыл түні ТЖМ құтқарушылары күшейтілген режимде қызмет атқарды.
Ақпаратқа сәйкес, 31 желтоқсанда мамандар 163 мәрте құтқаруға аттанды, оның 94 — өрт, 68 — іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар. Бұл ретте 518 адам, оның ішінде 65 бала құтқарылып, эвакуацияланды. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескерту, ауа райының өзгеруі, жабылған жолдар туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарға шықпауға шақырады. «Ауылдық жерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алысқа жаяу шықпауын өтінеміз», - дейді мамандар.
Комментарии
Другие материалы