Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайының аэродромы жабылды

3025
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/870x489_0x301_detail_crop_20231025104751_0b901f79_2476a91e287b4e14b31fff9c9909aa4b35e5b044505bc18e584e195e589efe3b.jpg

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайының аэродромы жабылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«30 желтоқсанда сағат 09.30-дан 12.00-ге дейін ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Астана халықаралық әуежайының аэродромы жабылды», - делінген хабарламада. Қазір елорда әуежайына келген 27 рейс кейінге шегерілді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе компаниялары да әуежайда ұшып-қону үшін рейстерін кейінге қалдыруға шешім қабылдады. Сондай-ақ желтоқсанның 30-ына қараған түні ауа райының қолайсыздығынан Астана әуежайынан келетін және баратын 31 рейс кейінге шегерілгені хабарланды.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы