Атырауда 1 млн талап еткен бопсалаушылар тобы ұсталды

2708
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/4858e4a5-94c0-4835-ad0e-68326c2c25cf.jpg

Атыраулық полицейлер шетелдік азаматқа аяусыз зорлық-зомбылық көрсеткен бопсалаушылар тобын құрықтады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Полицияның ресми ақпаратына сәйкес, екі ер адам Өзбекстанның 30 жастағы азаматын пәтерлердің бірінде заңсыз ұстаған. Қылмыскерлер жәбірленушіге физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, одан 1,1 миллион теңге талап еткен. «Түрлі дене жарақатын алған шетелдік ауыр халде ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады полиция. Полицейлер жедел түрде 1987 және 1991 жылғы екі күдіктіні ұстады. Олардың бірі Өзбекстан азаматы болса, екіншісі Қазақстан азаматы. «Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазіргі уақытта ҚР 194-бабының 2-бөлігі «Адамдар тобының бопсалауы» және 126-бабының 2-бөлігі «Қызметтік құқығынан заңсыз айыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп қорытындылады полицияда.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы