Tesla өзінің адам тәріздес гуманоидты роботының жаңа буыны "Optimus Gen 2"-ді таныстырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Optimus Gen 2 деп аталатын робот адам өміріне қауіпті тапсырмаларды орындай алады.
Жаңа прототип бұрынғы нұсқасына қарағанда 30%-ға жылдамырақ жүре алады. Оның салмағы 10 кг-ға жеңілдеген.
Optimus Gen 2 қолдарымен еркін қимылдап, тіпті әуенге билей алатыны көрсетілген.
Роботтың басты артықшылығы - оның саусақтары. Ол саусақтары арқылы тіпті жұмыртқа сынды ең кішкентай әрі нәзік заттарды да сындырмай ұстай алады.
Осыдан кейін Tesla гуманоидты роботтарды оқыту үшін арнайы қызметкерлерді жалдамақ.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз