Украина шекарасындағы ҰҚШҰ. Қазақстан жауынгерлері Украина шекарасына неліктен аттанады?

3531
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/307c9965b92d4c9ee16918058e6abc96.jpg
ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Украина мен Беларусь шекарасында өтетін алдағы ҰҚШҰ-ның (ОДКБ) оқу-жаттығулары және оған Қазақстан сарбаздарының қатысуы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Ақпарат кеңістігінде Қазақстанның броньды техниканы жеткізіп жатқаны жайлы дерек – жалған. Бүгінгі күні барлық техника өз орнында, тиісті пункттерде тұр. Беларуссияға 11 адамнан тұратын жедел топ жіберілді. Мұндай шаруамен басқару органдарының айналысады", - деді Жақсылықов үкімет жиынында.
Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің басшысы оқу-жаттығу жиынының Украина шекарасында неліктен өткізіп жатқанына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
"Украина жерінің оған не қатысы бар? Беларусь - ҰҚШҰ мүшесі болып табылатын бейбітсүйгіш мемлекет. Мұндай жиындарды өткізу шаралары,  орны туралы шешім алдын-ала қабылданады. Ешқандай қауіп-қатер жоқ Бізде арнайы ҰҚШҰ штабы бар, онда бірлескен сабақтар, тренингтер, оқу-жаттығулар өткізу жоспарланып отыр. Біз кесте шеңберінде жұмыс істейміз. Қазақстан өзінің барлық халықаралық міндеттемелерін орындайды", - деді министр өз сөзінде.

"Адырна" ұлттық порталы

       
Комментарии
Другие материалы