Ақтөбе облысы тұрғынынан 22 орама есірткі затты тәркіленді

3155
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/bf42557065844f5ab50334cc2462c1a0-1.jpeg
Ақтөбе полицейлері 30 жастағы жергілікті тұрғыннан 22 орама есірткі затын тәркілеген. Күдікті ақ ұнтақты Telegram әлеуметтік желісі арқылы тауып, интернет-дүкеннен сатып алғанын айтқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Полиция бұл жағдайды былайша мәлімдеді:
"Сараптама нәтижелері бойынша алынған зат жалпы салмағы 16,40 гр болатын а-PVP екені анықталады", – делінген хабарламада.
Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізіліп, ақырында полиэтилен пакетке оралған ақ ұнтақтар табылды.
"Ол зат жалпы салмағы 7,55 гр мефедрон екені анықталды", - деп жазды Ақтөбе облысы полиция департаменті.
ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы