37 адам зардап шекті. Париж орталығында жарылыс болды

2918
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/2b0ab88a-65b1-4130-8dd1-f75de0824f2c.jpeg

21 маусымда Франция астанасы Париждің орталығында үлкен жарылыс болды. Салдарынан 37-ден астам адам зардап шекті. Бұл туралы Euronews жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпарат бойынша, төртеуі ауыр жағдайда, тағы екі адам үйінділердің астында болуы мүмкін. Оқиға Париждегі Америка академиясының ғимаратында болды.

Газдың жарылуынан кейін ғимараттың қасбеті жолға құлаған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды.

Оқиға орнына 200-ден астам өрт сөндірушілер, құтқару қызметтері, сондай-ақ Париж мэрі Анн Идальго келді.

Прокурорлар жарылыс себебі "Қауіпсіздік ережелерін бұзу" немесе "жеке адамдардың абайсыздығы” деп болжап отыр.

Комментарии
Другие материалы