Ресейде әскери ұшақ апатқа ұшырап, 19 адам қаза тапты

226
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/b3o5Jqr6FB1UxDapAChO1vgkDLUWGGyoOa8fbcSQ.jpg

Фото: AP

Ресейдің Кемерово облысында әскери-транспорттық Ан-12 ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 19 адамның барлығы қаза тапты. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған Report агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, әуе кемесі 17 қараша күні жоспарлы рейсін орындау кезінде Ягуново ауылы маңында құлаған. Бортта алты экипаж мүшесін қоса алғанда, 19 адам болған.

Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, апатқа техникалық ақау себеп болған. Ұшақ адам тұрмайтын аумаққа құлағандықтан, жердегі нысандарға зақым келмеген. Сондай-ақ бортта қауіпті жүк болмағаны айтылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ Новосібірден Краснояр өлкесіндегі Канск қаласына бағыт алған. Куәгерлердің сөзінше, әуе кемесі әуеде жанып, кейін күрт төмендеп, жарылған. Ұшақ сынықтары 500 метр радиусқа дейін шашылған.

Оқиға орнына жедел қызметтер мен Ресейдің Әуе-ғарыш күштерінің арнайы комиссиясы жіберілген. Қазіргі уақытта апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, Ан-12 – әскер, әскери техника және жүк тасымалдауға арналған кеңестік төрт қозғалтқышты ұшақ. Ол 1957 жылдан бері пайдаланылып келеді.

Комментарии
Другие материалы