Жолаушылар мінген автобус ағашқа соғылып, жүргізушісі қаза тапты

120
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/p990M1vRpUBjtHUKhocDHe1ESuNNwHR2qRGgSXer.webp

Қарағанды облысының Теміртау қаласында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, 64 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Politico-ға сілтеп. 

Автобус ішіндегі 15-ке жуық жолаушы зардап шеккен жоқ.

Оқиға 14 қараша күні сағат 10:30 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Yutong маркалы автобус қозғалыс кезінде кенеттен басқарудан шығып, жол жиегіндегі ағашқа соғылған.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, көлік жүргізіп келе жатқан ер адамның денсаулығы күрт нашарлап, есінен танып қалған. Соның салдарынан автобус басқарудан шығып кеткен. 64 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Апат кезінде автобуста шамамен 15 жолаушы болған. Олардың ешқайсысы зардап шекпеген.

Аталған дерек полицияда тіркелді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Комментарии
Другие материалы