Сәбилі болғанын атап өткен азамат 5 тәулікке қамалды

264
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/s0YN5x4AAPRz6CnjoyNZk6xmAcDAj3QhzMC3N6GI.webp

Астанада сәбиінің туған күн қуанышын тым шулы атап өткен тұрғын бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Polisia.kz жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, 35 жастағы азамат түн ортасында көпқабатты тұрғын үй кешенінің ауласында, терезелердің дәл түбінде фейерверк атқан.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, отшашудың қатты дауысы маңайдағы тұрғындардың тыныштығын бұзған.

«Азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық пен тыныштықты бұзу баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.

Полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұза отырып пиротехникалық бұйымдарды пайдалану заңды жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертеді.

Комментарии
Другие материалы