Жолдау жүктеген міндет

231
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Fwj06zH6C2w94rD0t7Y46wBHzCx7eSZYjQzvt1rY.jpg

Жамбыл облысында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіру мақсатында ақпараттық топ мүшелері Тараз қаласы, Байзақ және Жамбыл аудандарында бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесулерге жергілікті тұрғындар, жастар, агроөнеркәсіп кешені мен білім саласының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері және еңбек ұжымдары қатысты.

Ақпараттық топ екі бағыт бойынша жұмыс істеді. Оның құрамында Құрылтай депутаты Әбілхайыр Тамабек, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Уалихан Болатбек, салалық вице-министрлер және Ұлттық экономика министрлігінің Арнайы бағдарламалар комитетінің төрағасы болды.

Кездесулер барысында Жолдаудың негізгі басымдықтары түсіндіріліп, өңірдің өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану, ирригациялық жүйелерді жаңғырту, өндірісті өркендету, шаруаларды қолдау және ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар тұрғындар әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер бойынша өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Агроөнеркәсіп кешені өкілдерімен кездесуде Құрылтай депутаты Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысы үшін су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесінің маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, өңірде халық пен шаруашылық нысандарының едәуір бөлігі жер асты суын пайдаланады. Алайда су қоры шексіз емес. Сондықтан оны ұтымды пайдалану мен сақтау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Депутат Мемлекет басшысының Жолдауында Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін құру жұмыстарын жедел аяқтау тапсырылғанын атап өтті. Бұл жүйе су көлемін нақты есепке алуға, оны тиімді басқаруға және су тарату желілеріндегі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, кездесулер ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Ақпараттық топ мүшелері Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру нақты нәтижелерге бағытталуы керектігін атап өтті. Сондай-ақ өңірдің дамуына қатысты мәселелерді шешуде мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара байланыстың маңыздылығына назар аударды.

Комментарии
Другие материалы