Украина енді қашанға дейін Ресейге төтеп бере алады?

272
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OExEG0XAxjWkWfCMOEBd09j27ZbNjBIU0vngG0j2.jpg

«Адырна» YouTube арнасының кезекті қонағы – саясаттанушы, экономист әрі сарапшы Жанұзақ Әкім. Сұхбат барысында ол АҚШ президенті Дональд Трамптың саясаты, Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынас, Еуропадағы наразылықтар және Украинадағы соғыс туралы пікір білдірді.

Сарапшы Франциядағы көтерілістердің себептеріне тоқталып, Еуропадағы демографиялық ахуал мен жастар санының азаюы құрлықтың болашағына қалай әсер ететінін талқылады. Сонымен қатар Қазақстанның экономикалық жағдайы, тарифтердің өсуі, сыртқы қарыз, қаржының шетелге шығарылуы және мұнай компанияларымен арадағы даулар мәселесін көтерді.

Жанұзақ Әкім ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы үлесі төмен екенін айтып, ауылдарды дамытпай Қазақстанның өркендеуі қиын екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Алматының қарқынды өсуі, қаладағы халық санының артуы және сел қаупі туралы сөз қозғады.

Комментарии
Другие материалы