Қазақстанда үшінші АЭС салынуы мүмкін орындар аталды

127
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6BS6iPLWA4l2XAdR0BTOJ4QtTIXhGziiDDjsMjbl.jpg

Қазақстанда үшінші атом электр станциясын салу үшін Шығыс және Батыс Қазақстан өңірлеріндегі бірнеше алаң қарастырылып жатыр, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты.

Оның сөзінше, алдын ала жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстандағы Курчатов қаласы мен Батыс Қазақстандағы аумақтар әлеуетті орын ретінде анықталған.

«Батыс Қазақстанда атом электр станциясы реакторын пайдалану бойынша бірегей тәжірибе бар. Ал Курчатов – атом саласының мамандары шоғырланған қала. Мұнда қажетті құзыреттердің барлығы бар», – деді агенттік басшысы Құрылтайдың экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің отырысында.

Қазіргі уақытта қуаты 300-ден 600 мегаватқа дейінгі орташа қуатты станциялардың технологиялары қарастырылып жатыр. Мұндай нысандар электр энергиясын өндірумен қатар, жылумен жабдықтау және суды тұщыландыру мүмкіндіктеріне де ие.

Еске салайық, биыл қыркүйекте Қазақстандағы алғашқы АЭС – «Балқаш» станциясын салу туралы келісімшартқа қол қойылды. Құжатқа «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС мен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының еншілес кәсіпорны «Атомстройэкспорт» АҚ қол қойған. Алғашқы станция Алматы облысының Үлкен ауылында бой көтереді.

Екінші атом электр станциясын («Мойынқұм») Жамбыл ауданында салу жоспарланып отыр. Жоба бойынша бас мердігер ретінде Қытайдың CNNC компаниясы қарастырылуда. Үшінші АЭС құрылысына да осы компания тартылуы мүмкін. Алайда бұл жөнінде әзірге ресми шешім қабылданған жоқ.

Комментарии
Другие материалы