Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры тағайындалды

127
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mEKRJyzL1A5rWcFAIoUNoZOUk7kdm6ZfR1uEB98e.webp

Бүгін, 2 қарашада Мырза Еркенбек Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының Бас хатшысының кеңесшісі қызметін атқарған ол енді федерацияның спорттық бағытына жетекшілік етеді.

Жаңа қызметінде Мырза Еркенбек ұлттық құрамалар мен жасөспірімдер командаларының оқу-жаттығу процестерін ұйымдастыру және үйлестіру, халықаралық жарыстарға дайындық жұмыстарын бақылау, жаттықтырушылар құрамымен өзара жұмысты үйлестіру, сондай-ақ федерацияның спорттық стратегиясын іске асыруға жауапты болады.

«Спорт директорының негізгі мақсаты - Қазақстан боксшыларының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ұлттық құраманың тұрақты жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне қажетті жағдай жасау және отандық бокстың дамуына үлес қосу»,– делінген хабарламада.

Комментарии
Другие материалы