Президенттің шақыртуымен. Ердоған Оңтүстік Кореяға барды

218
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/C7r202VvLP72UMOcZ8IMXrtnszyTYOjs2THctK5R.webp

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мённың шақыруымен Сеул қаласына барды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Анадолуға сілтеме жасап.

Түрік көшбасшысы мен жұбайы Эмине Ердоғанды Оңтүстік Корея астанасындағы Соннам әуе базасында елдің сауда министрі Пак Чжон Сон қарсы алған. Кездесуге Түркияның Сеулдегі елшісі Фатих Йылдыз бен оның жұбайы Несрин Йылдыз да қатысқан.

Сеулге сапарында Ердоғанға Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар, Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлер, Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр, сондай-ақ басқа да жоғары лауазымды тұлғалар еріп барған.

3 қарашада Ердоған Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мёнмен ресми кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің барлық бағыты талқыланып, өзекті аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасу көзделген. Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынастардың құқықтық негізін нығайтуға бағытталған бірқатар келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, сапар 4 қарашаға дейін жалғасады.

Комментарии
Другие материалы