Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Тиісті шешім ұйымның кезектен тыс конференциясында қабылданды.
Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, әкім ұйым жетекшілігін 2018 жылдан бері ұйымды басқарып келген Данияр Әбілғазиннен кейін қабылдап отыр.
Сайлау Қазақстанда үстел теннисін дамыту және 2027 жылы Астанада өтетін ITTF World Table Tennis Championships Finals әлем чемпионатына дайындық кезеңінде өтті. Федерацияның хабарлауынша, жаңа басшылық тұсында елімізде үстел теннисін жүйелі дамыту, спортшылардың сапалы дайындығына жағдай жасау және Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы позициясын нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасады.
Айта кетейік, Жеңіс Қасымбек бұған дейін Қарағанды облыстық үстел теннисі федерациясын басқарған. Кейін Астанадағы қалалық филиалдың жұмысына жетекшілік еткен.
