Отбасы, мансап және жоспар: әйелдерге жеке өмірі мен кәсіби мақсаттарын үйлестіруге не көмектеседі?

236
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bzRF7kE6kDVaMAwsvQX38ahp6vpgrr2XxG4JOfW2.jpg

Репродуктивті денсаулығына қатысты саналы шешім қабылдап, оны жоспарлай білу мүмкіндігі қазіргі әйелдердің өз болашағына сеніммен қарауына ықпал ететін басты факторлардың біріне айналып отыр.

Алайда жүйелі жоспарлаудың болмауы және контрацепцияға қатысты қалыптасқан стереотиптер әлі де әйелдердің кәсіби мақсаттарын кейінге шегеруіне себеп болып келеді. Астанада «Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясының қолдауымен өткен сарапшылық дөңгелек үстел отырысына ұсынылған әлеуметтік сауалнама нәтижелері осы мәселенің өзектілігін көрсетті. Сауалнамаға қатысқан әйелдердің 86%-ы денсаулықты алдын ала жоспарлау мансапты сенімді құруға және өмірдегі маңызды рөлдерді қатар алып жүруге көмектесетініне сенімді.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, қатысушылардың 42,3%-ы мансап жолындағы мақсаттарына байланысты жүктілікті кейінге қалдыруға мәжбүр болғанын, ал 47,7%-ы декреттік демалысқа шығуына байланысты жұмыс жоспарларын өзгертуге тура келгенін атап өтті. Әрбір үшінші әйелге (35,1%) ұзақ үзілістен кейін жұмысқа қайта оралу қиынға соққан.

Сонымен қатар респонденттердің 76,5%-ы өздерін репродуктивті денсаулық мәселелері жөнінде жеткілікті ақпараттанған деп есептейді. Алайда олардың тек 14,4%-ы біріктірілген оральді контрацептивтерді (БОК) қолданады, ал 35,1%-ы кемінде бір рет шұғыл контрацепция әдістеріне жүгінген.

Әйелдер арасында ескірген түсініктер әлі де сақталып отыр. Мәселен, сауалнамаға қатысқандардың 21,6%-ы гормондардың ағзаға шамадан тыс түсуінен қауіптенсе, 9,9%-ы салмақ қосып алудан қорқады.

 

Дегенмен медицина мамандары қазіргі фармацевтика саласының айтарлықтай дамығанын атап өтеді. Гормон мөлшері төмен препараттарды дәрігер әр әйелдің ағзасының ерекшеліктерін, өмір салтын және репродуктивті жоспарларын ескере отырып, жеке таңдайды.

«Контрацепцияға қатысты қате түсініктерді жою және гинекологқа тұрақты түрде қаралу мәдениетін қалыптастыру – әйелдердің жұмыс пен отбасының бірін таңдауға мәжбүр болмауының маңызды алғышарты. Біздің мақсатымыз – әйелдердің өз денсаулығына қатысты әрбір шешімді қауіпсіз әрі саналы түрде қабылдауы үшін оларды сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету», – деді «Гедеон Рихтер» компаниясы Орталық және Шығыс Азия кластерінің PR және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі сарапшысы Динара Бірмағамбетова.

Кездесуге Құрылтай депутаты Динара Наумова, сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау және ҮЕҰ-мен әріптестік басқармасының бас сарапшысы Томирис Тұрабай қатысты.

Жиында мектеп жасынан бастап ағарту жұмыстарын жүргізудің және ана болуды қолдауға бағытталған заңнамалық жағдайларды жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.

 

Комментарии
Другие материалы