Бас бапкер жаттығу кезінде есінен танған

151
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/26CDQKblb81mvU3E38mlt9Bw1dXUt8lgTDRjO8eG.webp

Мюнхендік «Бавария» клубының бас бапкері Венсан Компани жаттығу базасында есінен танып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

23 қазанда неміс бұқаралық ақпарат құралдары 40 жастағы маманға шұғыл медициналық көмек көрсетілгенін жазды. Оқиға Компани клубтың резервтік командасының жаттығуын бақылап отырған кезде болған.

«Бавария» клубы бапкердің ауруханаға жатқызылғанын растады. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Клубтың мәліметінше, Компани медициналық тексеруден өтіп жатыр. Ол қайта оралғанға дейін бапкердің көмекшілері жаттығулар мен матчтерге жетекшілік етеді.

Бұған дейін бельгиялық маман вирустық инфекция жұқтырып, бірнеше жаттығуға және Лондонның «Арсеналына» қарсы Чемпиондар лигасы матчінің алдындағы баспасөз мәслихатына қатыса алмаған еді.

Алайда Компани кейін жұмысқа оралып, «Арсеналмен» 2:2 есебімен аяқталған кездесуде командасын басқарды. Матчтан кейін ол денсаулығына қатысты белгілерге мән бермей, жұмысын жалғастыра бергенін мойындаған.

Комментарии
Другие материалы