Саябаққа жасалған шабуыл. Алты адам қаза тапты

92
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9k40h67BUkLrKfiQfJy32LHGvEG9REaDqzQWgaMK.webp

Украинаның Харьков облысында дрон шабуылынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі DW-ға сілтеп. 

Қаза болғандардың арасында бір жастағы және 11 жастағы балалар бар. Тағы 15 адам жарақат алды, олардың жетеуі – балалар.

Оқиға 19 қазанда болған. Ресейдің Shahed үлгісіндегі дроны адамдар демалып жүрген саябаққа соққы жасаған. Харьков облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Олег Синегубов қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет берді.

Украина президенті Владимир Зеленский шабуылды айыптап, қаза тапқандардың арасында бір жасар Ангелина есімді қыз болғанын хабарлады. Оның анасы Инна ауруханада көз жұмған.

Сондай-ақ Зеленский Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізуді күшейтуге шақырды. Ол АҚШ пен Еуропа елдерін Украинаға қолдауды жалғастырып, Ресейге қарсы санкциялық қысымды арттыруға үндеді.

Украина президентінің айтуынша, ел бейбітшілікті қалайды, алайда Ресей соғыс қимылдарын жалғастырып отыр.

Комментарии
Другие материалы