Гонконгта маймыл шешегін жұқтырғандар саны артты

157
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aGUCJZUDvWGYrGRkh6bmw4JfE2NDMHodHmrqSoTx.jpg

Фото: bmcudp.kz

Гонконгта маймыл шешегін жұқтырудың тағы бір жағдайы тіркелді. Мамандардың мәліметінше, тамыз айынан бері қалада 21 адамнан вирус анықталған. Бұл 2026 жылдың басынан бері тіркелген барлық жағдайдың шамамен 70 пайызына тең, деп хабарлайды "Адырна".

Жергілікті Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, вирусты жұқтырған – 29 жастағы ер адам. Оның денесінде бөртпе пайда болып, дене қызуы көтерілген және лимфа түйіндері ұлғайған. Зертханалық талдау нәтижесінде маймыл шешегіне шалдыққаны расталды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты.

Эпидемиологиялық тексеру барысында тамыз айынан бері вирус жұқтырған 21 адамның қауіпті жыныстық қатынаста болғаны анықталған. Олардың басым бөлігі екпе алмаған.

Сонымен қатар науқастардың жартысынан көбі соңғы айларда серіктестерімен интернет арқылы танысқан. Кейбір адамдар ауру белгілері пайда болғаннан кейін байланыста болған серіктестерін таба алмаған. Бұл мамандардың инфекцияның таралу жолдарын анықтауын қиындатып отыр.

Ресми деректерге сәйкес, Гонконгта 2022 жылдан бері маймыл шешегін жұқтырудың 114 жағдайы тіркелген. Оның 30-ы 2026 жылдың басынан бері анықталған.

Осыған байланысты жергілікті билік инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары топтағы азаматтарды вакцина алуға және қауіпті байланыстардан сақ болуға шақырды.

Комментарии
Другие материалы