Талдықорғанда әйелін қарумен қуған ер адам ұсталды

81
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dcuwKMeD2BLZAchwV6RGiQm9BiYC9fTHiiQqqepl.jpg

Фото: видеодан алынды

 Талдықорғанда әйелін қарумен қуған ер адам ұсталды. Бұл туралы Жетісу облысы Полиция департаменті жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Ақпаратқа сәйкес, 2 қазан күні Талдықорған қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, жұбайының өзіне дене жарақатын келтіріп, қорқытқанын жеткізген.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, ер адамды ұстады. Одан пневматикалық қару тәркіленді.

"Дене жарақатын келтіру және қорқыту деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дәрігерлердің тексеруінен кейін әйел баласымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылып, оларға қажетті көмек көрсетілді", делінген хабарламада.

Бұған дейін аталған әйелден полицияға арыз-шағым түспеген.

 

Комментарии
Другие материалы