Елде роботехникалық жүйе өндіретін QAZBOT құрылысы басталды

172
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Xx3NrJYL8OvqgXu6E8NYWwP8vX9pTIc7s9pLXqqz.webp

Қазақстанда цифрлық көшпенділер бағдарламасына 30 елден 1,5 мыңнан астам IT маманы өтініш берген, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Астанада өтіп жатқан AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында айтты.

Үкімет басшысы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ірі цифрлық жобаларға да тоқталды. Оның айтуынша, елімізде робототехникалық жүйелер өндіретін алғашқы QAZBOT кешенінің құрылысы басталды.

Сонымен қатар, Alatau City толық цифрландырылған қала ретінде дамытылмақ. Мұнда сынақтан өткен цифрлық шешімдерді кейін Қазақстанның өзге өңірлерінде енгізу жоспарланып отыр.

Комментарии
Другие материалы