Ресей жаттығуында әскери ұшақ апатқа ұшырады

122
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5xHduf6bgJJUYvMJFqIk514Eyp3RwKnyaQPHvitX.png

Ресейдің Амур облысында оқу-жаттығу ұшуы кезінде Ту-95 әскери ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі caliber-ге сілтеп.

Оқиға салдарынан экипаждың алты мүшесі қаза тауып, бір адам жарақат алды. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ұшақ бортында оқ-дәрі болмаған.

Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ Украина әскери әуеайлағынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай Красноярово ауылы маңында апатқа ұшыраған. Алдын ала болжам бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін.

Оқиғаға байланысты Ресей қылмыстық кодексінің «Ұшу немесе оған дайындық ережелерін бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде апатқа ұшыраған ұшақтың Ту-95МС стратегиялық бомбалаушы ұшағы болуы мүмкін деген ақпарат тараған. Алайда бұл мәлімет әзірге ресми түрде нақтыланбады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Комментарии
Другие материалы