Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үш сарбаз "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

143
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Xu9puMoM5oegN7FubzQMYtSKzdePNShrG8VOsXLV.webp

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу жиыны кезінде аман қалған үш сарбаз "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Бұл туралы "Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна". 

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды:

  1. Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
  2. Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
  3. Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы).

Айта кетейік, бұған дейін әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталған болатын.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 17 әскери қызметшіні теңіз ағызып әкеткен. Олар Каспий жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырма орындап жатқанда ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 14 әскери қызметші қаза тапқан, үшеуі құтқарылды. 

Қайғылы оқиғадан кейін 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланған болатын.

Комментарии
Другие материалы