Мақсат Толықбай жаңа қызметке тағайындалды

170
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JADJNiccMY0qbzaOlpJHKf1abEgrzYy4sUZW3bAO.jpg

Мәжілістің бұрынғы депутаты, журналист Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Диас Нұрақын мәлімдеді. 

Оның айтуынша, Мақсат Толықбай жаңа қызметінде өңірді дамыту жұмыстарына атсалысады. 

Мақсат Толықбай 1988 жылғы 11 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Күршім ауылында дүниеге келген.

2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2016 жылы осы университетте әлеуметтану мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. 2020 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «31 арнадағы» «Замандастар» бағдарламасының жүргізушісі әрі редакторы ретінде бастаған. 2011–2019 жылдары осы арнаның «Информбюро» жаңалықтар қызметінде тілші, диктор және редактор болып жұмыс істеді.

2019–2020 жылдары «Еуразия» бірінші арнасындағы «Басты бағдарлама» апталық сараптамалық хабарын жүргізді. 2020–2022 жылдары «Qazaqstan» телеарнасындағы «Ашық алаң» қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісі әрі продюсері болды. 2022 жылдан бастап «Хабар» телеарнасында «Біздің мақсат» ток-шоуын жүргізді.

2023 жылғы 28 наурызда «AMANAT» партиясының тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты болып сайланды.

Комментарии
Другие материалы