Air Astana борты. Жолаушы қомақты қаржы жоғалғанын айтты

133
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vQIejoUKNTH5SQZ7El63ZJopBo7qMO9Zdz1yOYYd.jpg

Air Astana әуе компаниясының жолаушысы Алматыдан Вьетнамның Дананг қаласына ұшқаннан кейін қол жүгіндегі 3400 АҚШ доллары жоғалғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Анна Магнели Тбилисиден Алматы арқылы Дананг қаласына барған. Оның айтуынша, отбасына тиесілі 3400 доллар қол жүгіндегі конвертте болған. Алайда Вьетнамға жетіп, қонақүйге орналасқаннан кейін ақшаның жоғалғанын байқаған.

Жолаушының сөзінше, конверттің ішінен доллардың орнына Малавидің номиналы бір долларлық банкноттары шыққан. Ол жоғалған қаражат отбасының Вьетнамға қоныс аудару үшін алып келген негізгі қаржысы болғанын атап өтті.

«Бізде қалған ақша жоқтың қасы. Алматы–Дананг рейсімен ұшып келгеннен кейін 3400 долларымыздың жоғалғанын анықтадық. Бұл Тбилисиден Вьетнамға қоныс аудару үшін алып келген қаражатымыздың басым бөлігі еді», – деді жолаушы.

Анна Магнели болған жағдайға байланысты Air Astana өкілдеріне, әуежайдың қауіпсіздік қызметіне және Дананг полициясына жүгінгенін айтты. Оның мәліметінше, рейстегі кейбір жолаушылар оқиғаға қатысы болуы мүмкін адамның сыртқы келбетін сипаттап берген.

Алайда жолаушының айтуынша, Вьетнам полициясы аудармашысыз арыз қабылдамаған. Осыған байланысты ол Данангта тұратын, орыс және вьетнам тілдерін білетін адамдардан көмек сұрады.

Air Astana компаниясы жолаушының жағдайына байланысты өкініш білдірді. Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, оқиғаны тергеу құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады.

Компания қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту және келтірілген шығынды өтеу мәселелері бойынша жолаушы құқық қорғау органдарына ресми түрде арыз беруі қажет екенін хабарлады.

Сондай-ақ Air Astana қылмыс Қазақстан аумағынан тыс жерде жасалған жағдайда немесе оның нақты қай жерде болғанын анықтау мүмкін болмаған кезде, істің тергеу аяқталған жердегі сотта қаралуы мүмкін екенін айтты.

Комментарии
Другие материалы