Актер Нұрсұлтан Жақсыген сотталды

119
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nEX47NBPUZpf3iZYhuUOKLCCsSJRi8R7ta6LPJ5i.webp

Актер, блогер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды. Бұл туралы оның экс-жұбайы Фариза Алмасқызының адвокаты айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сот Нұрсұлтан Жақсыгенді кінәлі деп танып, оған 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді»,– деді Рустам Әбдірахманов.

Сот сондай-ақ оған бес жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған. Әңгіме барысында Instagram мен TikTok платформалары аталған. Бұдан бөлек, блогерден моральдық шығын өтемақысы ретінде 5 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарылған.

Сот үкімі жарияланғаннан кейін Нұрсұлтан Жақсыген сот залында қамауға алынды.

Еске салайық, блогер Фариза Алмазқызымен ажырасқаннан кейін экс-жұбайын балағаттап, хабарламалар жіберген. Кейіннен Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен бұрынғы әйеліне сталкинг жасағаны үшін іс қозғалғаны белгілі болды.

Комментарии
Другие материалы