Украина басшысы Владимир Зеленский бұрынғы баспасөз хатшысы Юлия Мендельге қарсы санкция енгізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Президент сайтында жарияланған жарлықта оның Украина туралы жалған ақпарат таратқаны айтылған.
«Жалған ақпарат пен ресейлік насихатты тарататын, сондай-ақ Ресейдің Украинаға қарсы агрессивті саясатын қолдайтын 10 азаматқа шектеу шаралары қолданылды. Атап айтқанда, санкциялар Юлия Мендельге қатысты енгізілді», – делінген хабарламада.
Мендельдің өзі бұл жағдайға Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді. Оның айтуынша, санкциялар Еуропарламенттегі сөз сөйлеуінен бірнеше күн бұрын енгізілген.
«Украина азаматтарына қарсы санкциялар енгізу Конституцияға қайшы келеді, дәл сол сияқты Зеленскийдің көптеген басқа шешімі де заңға сәйкес емес. Владимир Зеленский оларды Украинадағы бейбітшілікті қолдайтын кез келген адамға қарсы пайдаланып отыр. Мен Такер Карлсонға берген сұхбатымнан кейін маған “мемлекетке опасыздық жасады” деген айып тағылуы мүмкін екенін білгенмін және санкция енгізілуі ықтимал екенін де болжадым.
Бұл менің ұстанымымды да, миллиондаған украиналықтың көзқарасын да өзгертпейді. Украинаға аман қалу үшін тағы бір автократия емес, бейбітшілік қажет», – деп жазды Мендель.
