Иран Ормуз бұғазындағы кемелерге соққы жасады

80
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DwHggSLpqkDwhhbrnteMBwAm3WDTVKcgRLKOT40m.webp

Иран әскері Ормуз бұғазында Тегеран белгілеген кеме қатынасы талаптарын бұзған бірнеше кемеге соққы жасаған. Бұл туралы Иранның IRIB телеарнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Иран билігінің мәліметінше, Джаск пен Кешм аудандарында естілген жарылыс дыбыстары да осы шабуылдарға байланысты. Тегеран аталған аумақта жеке жарылыстар болмағанын мәлімдеді.

 «Бұл аудандардағы дыбыстар Ормуз бұғазы арқылы өту ережелерін бұзған кемелерге жасалған соққылардан туындады. Аталған өңірде ешқандай жарылыс болған жоқ», — делінген хабарламада.

«Хатам әл-Анбия» орталық штабы АҚШ Қарулы күштеріне ескерту жасады.

«Қауіпсіздік талаптарын бұзу, Иран кемелерінің қозғалысына кедергі келтіру және теңіз блокадасын жалғастыру жағдайында Иран Қарулы күштерінің өңірдегі америкалық әскери кемелерге жасайтын соққылары бұдан да күшейіп, ауқымы кеңейеді», — делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранның үш танкеріне соққы жасаған болатын. АҚШ тарапы бұл әрекетті Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының (ИИРСК) өңірдегі америкалық кемелерге соққы жасау әрекетімен байланыстырған.

Комментарии
Другие материалы