2027 жылы мұнай өндіру көлемі төмендеуі мүмкін

138
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gWn3Tgv2Gwn00UgUqtFSuFMqCuGOu8j4Kh0vA0V7.webp

Қазақстанда 2027 жылы мұнай өндіру көлемі төмендеуі ықтимал. Бұған еліміздегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі – Теңіз кен орнында жүргізілетін жөндеу жұмыстарының мерзімінің кейінге шегерілуі себеп болады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Оның айтуынша, Ұлттық банк биылғы жылға арналған есептеулерінде мұнай өндіру көлемін бастапқыда 98 млн тонна деңгейінде қарастырған. Кейін бұл көрсеткіш қайта қаралып, 96 млн тоннаға төмендетілген.

Ал 2027 жылға Ұлттық банк өз есептеулерінде мұнай өндіру көлемін 96 млн тонна деңгейінде болжап отыр.

Мұнай өндірісінің көлемі Қазақстан экономикасының негізгі көрсеткіштерінің бірі саналады. Сондықтан өндірістің төмендеуі елдің экспорттық түсіміне, бюджет кірістеріне және экономикалық өсім қарқынына әсер етуі мүмкін.

Ұлттық банктің мәліметінше, Теңіз кен орнындағы жөндеу жұмыстарының мерзімі мен өндіріс көлеміне ықпалы алдағы кезеңдегі экономикалық болжамдарда ескерілетін негізгі факторлардың бірі болып отыр.

Комментарии
Другие материалы