60 энергия өндіруші үшін шекті тарифтер қайта қаралады

218
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KnkGAK3itc7cz0FNbiAmvSVwGGmBgEB4Ay8HDiaH.webp

Фото: Elements.envato.com

Қазақстанда 60 энергия өндіруші ұйымның электр энергиясына арналған шекті тарифтерін өзгерту жоспарланып отыр. Жаңа тарифтерді 2026 жылғы 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізу көзделген, деп хабарлайды “Адырна”.

Энергетика министрлігі әзірлеген бұйрық жобасына сәйкес, тарифтерді қайта қарау елдегі электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етуді және генерациялайтын қуаттарды кезең-кезеңімен жаңғыртуды мақсат етеді.

Ведомствоның мәліметінше, тарифтерді түзету энергия өндірушілерге жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуге, сондай-ақ жабдықтардың сенімділігін арттыруға және оларды жаңарту жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаларды жүзеге асыруға қажетті қаржылық мүмкіндік береді.

Құжатта жаңартылған тарифтерді енгізу мерзімі 10 қыркүйек деп көрсетілген.

Комментарии
Другие материалы