Президент сырттан қаржы алатындарды "жау" көріп қатаң жазалауды тапсырды

170
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5gZRqoH7xybPw64X29W11eAPzZlLI7UBjHC7aufv.jpg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға әрекет ететін және сыртқы күштерден қаржы алатын адамдарды қатаң жазалауды тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы ол 29 тамызда Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті мен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштік құрылымдардың гарнизондық сапқа тұру рәсімінде айтты. Жапаровтың сөзінше, ел ішінде сыртқы күштердің ықпалына түсіп, халық арасында дүрбелең туғызуға тырысатын адамдар бар. Президент мұндай әрекеттерге жол бермеу керегін айтып, күштік құрылымдардан жоғары кәсібилік пен жауапкершілікті талап етті. Оның сөзінше, Қырғызстанның дамуының басты шарттарының бірі – қатаң тәртіп. Сондай-ақ мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, қызметкерлердің жалақысын арттыру, әлеуметтік қолдауды кеңейту және цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне тоқталды.

Айта кетейік, Қырғызстанда ШЫҰ саммиті мен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. ШЫҰ саммиті Бішкекте 30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған. Ал Көшпенділер ойындары 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін ұйымдастырылады. Оған 100-ден астам елден шамамен 3 мың спортшы қатысады.

Комментарии
Другие материалы