Орал қаласында той кезінде болған жанжалға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Адырна".
Оқиғаға байланысты әлеуметтік желілерде бейнежазба тараған.
Кадрларда «тентек кәде» сұраған ер адамды жаңа құдалардың бірі ұрып, құлатып жібергені көрінеді.
Оқиға 22 тамыз күні Орал қаласында болған. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, бейнежазбадағы азаматтардың жеке басы анықталған.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы бақылауға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
