Өзбекстан мен Әзербайжан Каспий арқылы жаңа көлік дәлізін құруға мүдделі

98
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Lx1r722W5HTW45tPNhVsnaZEbCb7l9zJzUPoBdZK.png

Өзбекстан Каспий теңізі арқылы өтетін өзбек-әзербайжан көлік дәлізін құруға мүдделі. Бұл туралы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Жергілікті БАҚ дерегінше, мемлекет басшысы бұл мәселені Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірге Әзербайжан-Өзбекстан жоғары мемлекетаралық кеңесінің үшінші отырысында талқылаған. Мирзиёевтің айтуынша, Орта дәлізді дамыту аясында Каспийдегі екі елдің бірлескен флотын іске қосу жұмыстарын жеделдету қажет.

«Біз Каспийде бірыңғай операторы бар жеке өзбек-әзербайжан дәлізін құруға да мүдделіміз», – деді Шавкат Мирзиёев.

Ұсыныс Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы тікелей көлік байланысын күшейтіп, Каспий арқылы жүк тасымалын тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Орта дәліз Қытай мен Орталық Азияны Каспий теңізі арқылы Әзербайжан және одан әрі Еуропамен байланыстыратын маңызды транзиттік бағыттардың бірі саналады.

Комментарии
Другие материалы