Президент ақын Марфуға Айтхожаны мерейтойымен құттықтады

143
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vSe46OiUrcxoWoDkT8TYsxWclOo8Ocm7s4UzIXdb.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 Мемлекет басшысы Марфуға Айтхожаның шығармашылығында қазақ даласы, ел тарихы, халықтың ынтымағы мен салт-дәстүрі кеңінен көрініс тапқанын айтты.

«Қазақтың дархан даласы мен тамыры терең тарихын, ұлтымыздың ынтымақ-бірлігі мен салт-дәстүрін өршіл де сыршыл өлеңдеріңізге арқау еттіңіз. Оқырман қауым жырларыңызды сүйсініп оқиды және өзіңізді «Қазақтың жыр Аққуы» деп ардақтайды», – делінген құттықтауда.

Президент ақынға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, алдағы уақытта да өнегелі өмірімен өскелең ұрпаққа үлгі болып, ел-жұрттың құрметіне бөлене беруіне тілектестік білдірді.

Комментарии
Другие материалы