Атырауда №9 сайлау учаскесінде 200-ге жуық азамат дауыс берді

90
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wbdLaUjZKS2RlGmhtjNGM78RORzSKy7pog8vI1eh.jpg

Атырау қаласындағы №9 сайлау учаскесінде 1343 азамат дауыс беруге тіркелген. Сағат 11:00-ге дейін учаскеге 200-ге жуық сайлаушы келіп, өз таңдауын жасады. Олардың қатарында жасы 90-ға келген ең үлкен сайлаушы да бар.

Сайлаушылар арасында «Күміс еріктілер» қозғалысының 40-қа жуық өкілі азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге қатысты.

«Еліміз үшін маңызды күн. Бүгін «Күміс еріктілермен» бірге азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге келдік. Өз таңдауымызды жасадық. Болашағымыз жарқын болсын», – деді «Күміс еріктілер» қозғалысының өкілі Гүлжан Хиту.

Сонымен қатар, APEC PETROTECHNIC колледжінің базасында жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған «Бір дауыс – бір пазл» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға 25 жас және Жастар мәслихатының депутаттары қатысты.

Акция барысында қатысушылар арнайы дайындалған пазлды құрастырды. Оның әрбір бөлігі жеке азаматтың қоғам өміріне қосқан үлесін білдірсе, пазлдың біртұтас композицияға бірігуі ел болашағы үшін бірлік, ортақ мақсат және әр азаматтың жауапкершілігі маңызды екенін көрсетті.

Заңнамаға сәйкес, сайлау учаскелері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында азаматтар өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіре алады.

Комментарии
Другие материалы