Спортшы Рахмоновтың жекпе-жек алаңына оралатыны туралы ақпарат тарады

116
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ni7KpamBwxncvnQFhZqS4RdFWASZaqG6pKw0m9j1.webp

Қазақстандық UFC спортшысы Шавкат Рахмонов ұзақ үзілістен кейін жаттығуын қайта жалғастырып, жекпе-жек алаңына оралуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Спортшының үзілісі тізесінен алған жарақатына байланысты болған. Рахмоновтың жаттығу барысынан жаңа кадрларды оның соққы техникасы бойынша жаттықтырушысы Оразәлі Әлдібаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Бейнежазбада қазақстандық спортшы залда жаттығып, тәлімгерімен бірге соққыларын пысықтап жатқаны көрінеді.

«Сюрприз, сюрприз! Король оралды. 77 келі», – деп жазды Оразали Алдибаев.

Шавкат Рахмонов UFC-де соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді. UFC 310 турнирінде қазақстандық спортшы ирландиялық Иэн Гэрримен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

 

Комментарии
Другие материалы