Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады

209
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SVj0obxbsSTvFm03MRzA6M2lERnoWjl1XETRLtCl.jpg

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж, баспана кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады.

Тұрғын үйді бөлудің екінші кезеңі аясында «Алтынай» тұрғын үй кешеніндегі 210 пәтер қала тұрғындарының игілігіне берілді.

Іс-шара барысында қала әкімі тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саясатындағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Мемлекеттік қолдау ең алдымен шын мәнінде көмекке мұқтаж азаматтарға бағытталуға тиіс. Сонымен бірге тұрақты табысы бар еңбек ететін тұрғындарға еңбегінің нәтижесінде баспана алуға мүмкіндік жасау маңызды», – деді Дархан Сатыбалды.

Алматы әкімдігі «Отбасы банкі» АҚ-мен бірлесіп, 4 мыңнан астам пәтерді кезең-кезеңімен бөлуді жалғастыруда. Бірінші кезең аясында 885 пәтер берілсе, екінші кезеңде тағы 1 832 пәтер үлестіріледі. Сонымен қатар «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы аяқталғаннан кейін босап қалған 1 мыңнан астам пәтер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Тағы 594 пәтер несие шарттарымен ұсынылады.

Пәтерлерді бөлу бойынша конкурстар қыркүйек айының басынан бастап кезең-кезеңімен өткізіледі. Бұл ретте азаматтардың тұрғын үй кезегіне қойылған күні ескеріледі. Бұл баспананы бөлудің жүйелілігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қолданыстағы мемлекеттік қолдау тетіктері аясында табысы төмен азаматтарға жалдамалы тұрғын үй беріледі. Ал тұрақты табысы мен төлем қабілеті бар тұрғындарға несиеге берілетін тұрғын үй және жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар қолжетімді.

Комментарии
Другие материалы