Киевке баллистикалық шабуыл жасалды. Кемінде бес адам қаза тапты

443
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WxN2Jj7hSi0TU7DQLBOGV8xpvGAbM1qMxeYZTXA4.jpg

20 тамызға қараған түні Ресей әскері Киевке баллистикалық зымырандармен шабуыл жасады. Киев қалалық әскери әкімшілігінің мәліметінше, шабуыл салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, 23 адам жарақат алған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі DW-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін Украина астанасының мэрі Виталий Кличко үш адамның қаза тауып, 20 адамның зардап шеккенін мәлімдеген болатын.

«Олардың 14-і ауруханаға жатқызылды. Қалғандарына медициналық көмек амбулаториялық жағдайда немесе оқиға орнында көрсетілді», – деп жазды Кличко өзінің Telegram-арнасында.

Соломен ауданында зымыран сынықтары бес қабатты тұрғын үйдің маңына құлаған. Ғимараттың терезелері сынған, өрт шыққан. Виталий Кличконың айтуынша, тоғыз қабатты тұрғын үй де соққыға ұшырап, оның жоғарғы қабаттары қираған.

Тағы бір мекенжайдағы паналау орнында адамдар қамалып қалған. Сол ауданда балалар ауруханасының ғимараты зақымданып, медициналық мекеме аумағындағы автокөліктер өртенген.

Дарницкий және Святошин аудандарында тұрғын емес ғимараттардан өрт шыққан.

Украинаның Telegram-арналары Киев облысындағы Бровары қаласындағы қоймаларға да соққы жасалғанын хабарлады.

Комментарии
Другие материалы