Ұлдана Мырзуан ісі. Марқұмның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тарта ма?

217
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9920YvMvCSam3DAzYRtmFNMTWzOfgtDxcxnI0GE0.webp

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Марқұмның күйеуі Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ. Сот отырысы барысында оның адвокаты осындай ақпаратты хабарлады. Іс бойынша сот процесі Астанада өтіп жатыр. Отырыста тараптардың құқықтық мәртебесі мен сот талқылауына қатысты мәселелер қаралды.

Ұлдана Мырзуан 2025 жылғы қарашада Астанада тұрғын үй ғимаратының қасбеті құлаған кезде зардап шеккен. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 8 қарашада ғимараттан құлаған кондиционер фельдшерді ауыр жарақаттаған. Ұлдана тұрғындарға көмек көрсетуге ұмтылған кезде жарақат алған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, 18 қарашада 23 жастағы фельдшер қайтыс болды.

Қайғылы оқиғадан кейін оның күйеуі Әділет Зейнел кінәлілердің жауапқа тартылуын талап еткен еді. Арада бірнеше ай өткен соң Әділет Зейнелдің қайта үйленгені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Бұл қоғамда түрлі пікір туғызды. Бірқатар қолданушы оның қысқа уақыт ішінде қайта отбасын құруына қатысты пікір білдірсе, енді бірі азаматтың жеке өміріне араласпауға шақырды.

Әлеуметтік желілерде оның қазіргі жұбайына қатысты да түрлі ақпарат тараған. Кейінірек Әділет Зейнелдің өзі бұл ақпаратты растады.

Қазір басты назар Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық істің сотта қаралуына аударылып отыр. 

Комментарии
Другие материалы