Әзербайжаның Мәскеудегі диаспорасының басшысы Ресейден депортацияланды

240
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FAoO3lFUjB1aJvao5sTzTIK9y9gODuYT1mF1uYH1.jpg

Әзербайжанның Мәскеудегі ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Бахтияр Гасанов Ресейден депортацияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы APA агенттігінің Ресейдегі бюросы хабарлады. Бахтияр Гасанов біраз уақыт мигранттарды уақытша ұстау орталығында болған. Кейін оны орталықтан әуежайға жеткізіп, Ресей аумағынан шығарған. Бұған дейін Гасановтың Ресей азаматтығының күші жойылған болатын. Ол 2026 жылдың маусымында құқық қорғау органдары тарапынан ұсталып, мигранттарды уақытша ұстау орталығына орналастырылған.

Ресейлік және әзербайжандық БАҚ мәліметінше, Гасановты Ресейден шығару рәсімі азаматтығынан айырылғаннан кейін жүзеге асқан. Кейбір ақпарат құралдары оның елден шығару туралы шешімге шағымданғанын, алайда сот апелляцияны қанағаттандырмағанын хабарлады.

Осылайша, Мәскеудегі әзербайжан ұлттық-мәдени автономиясын басқарған Бахтияр Гасанов Ресей аумағынан шығарылды.

 

Комментарии
Другие материалы