Иран АҚШ сарбаздарын тұтқындағандар мен өлтіргендерге сыйақы тағайындады

176
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NLIXc4MfujrbvjUxJ0PnHIdx0ciXC4G7kxSmuVRi.jpg

Иран азаматтарына АҚШ әскери қызметкерлерін өлтіргені немесе тұтқынға алғаны үшін дейін сыйақы төленеді. Бұл туралы ел әскерінің қолбасшысы Амир Хатами айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Америкалық сарбазды өлтірген немесе тұтқынға алған адамға Иран армиясы 30 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы береді. Ал осы істе нәтижеге қол жеткізген ирандық әйелдерге екі есе көп сыйақы төленеді», – деді ол.

Сондай-ақ америкалық сарбаздарды жою үшін пайдаланылған қаруды Иран армиясы нарықтағы бағасынан екі есе жоғары бағамен сатып алатыны айтылды. Ал тапсырылған қарудың орнына жаңа қару берілмек.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада Ормұз бұғазын АҚШ аумағы деп жариялау ниеті бар екенін мәлімдеген болатын. Бұған жауап ретінде Иран армиясының қолбасшысы АҚШ-ты өз аумағынан «қуып шығатынын», сондай-ақ Парсы шығанағы, Оман шығанағы және Ормұз бұғазына кіруге тыйым салатынын мәлімдеген.

Комментарии
Другие материалы