Ресейдің Сириядағы әскери базалары бірлескен оқу орталықтарына айналады

67
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Yv2yDS1J6jac2M1G1dHJuX6r51dOBKXjIZXZPV0f.webp

Ресей мен Сирия әскери ынтымақтастықтың болашағын айқындайтын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, Ресейдің Хмеймим мен Тартус қалаларындағы әскери нысандарының мәртебесі өзгертіледі, деп хабарлайды "Адырна".

Сирияның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, меморандумға қол қоюға дейін тараптар бір жарым жыл бойы келіссөз жүргізген.

Жаңа келісім бойынша, Ресейдің Сириядағы әскери базалары біртіндеп екі елдің мүддесіне қызмет ететін әскери қызметшілерді даярлау жөніндегі бірлескен орталықтарға айналдырылмақ.

Сирия тарапының мәлімдеуінше, бұл қадам Мәскеу мен Дамаск арасындағы қарым-қатынастарда жаңа кезеңнің басталуына жол ашуы мүмкін.

Сонымен қатар, Сириядағы азаматтық нысандарды елдің азаматтық әкімшілігінің бақылауына беру көзделіп отыр. Олардың қатарында Хмеймим әуежайы да бар.

Меморандум талаптарына сәйкес, аталған өзгерістердің барлығы үш айдан аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылуы тиіс.

Сирия Сыртқы істер министрлігі құжат екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа форматын қалыптастырып, әскери және азаматтық нысандардың мәртебесін нақтылауға мүмкіндік береді деп есептейді.

Комментарии
Другие материалы