Нұрай Серікбай ісі. Марқұмның туыстары сотталушыдан он млрд теңге өтемақы талап етті

108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/O1mvw6kTGRDB0qcgPadAlffbTynXdjN6iH6uPh1j.webp

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында 21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтіру ісі бойынша сот отырысы жалғасты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сот барысында жәбірленуші тарап сотталушыдан материалдық және моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап қойды.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаровтың айтуынша, Нұрай Серікбайдың отбасы жерлеу рәсіміне, ас беруге, ескерткіш орнатуға, көлік, заңгерлік қызметтерге және тергеу мен сот процесіне қатысуға байланысты 14 739 065 теңге көлемінде материалдық шығынға ұшыраған. Сонымен қатар отбасы сотталушыдан 10 миллиард теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіруді сұрады. Адвокаттың айтуынша, ешқандай қаржы ата-анасы мен бауырларының қайғысын жеңілдете алмайды.

Сондай-ақ ол сот талапты қанағаттандырған жағдайда моральдық өтемақы ретінде өндірілетін қаражаттың толықтай қайырымдылыққа бағытталатынын хабарлады. Судья талап арыз жарияланғаннан кейін сотталушыдан қойылған талаптарды мойындайтынын сұрады. Сотталушы талаптарды мойындамайтынын айтты.

Комментарии
Другие материалы