1500 шақырымды еңсерген «Әділет» мобильді керуені үш облыстағы өзекті мәселелерді назарға алды

234
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0EQLzWRMkhc4gd2pPigR1MNSyvCValGWCObXOKh1.jpg

«Әділет» партиясының «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені алғашқы тоғыз күндегі жұмысын қорытындылады. Керуен 1500 шақырымнан астам жол жүріп, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарындағы 12 ауданды қамтыды.

Кездесулерге 1350 тұрғын қатысып, партия кандидаттарына өңірлердегі өзекті мәселелерді жеткізді. Кездесулер барысында жолдардың жай-күйі, сумен және газбен қамту, денсаулық сақтау, несие жүктемесі мен «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысты мәселелер жиі көтерілді.

Ақмола облысындағы аудан халқы көбіне халық арасында несие жүктемесі көп екенін, бірақ, кейбір көпбалалы отбасылар несие ала алмайтынын, зейнеткерлерді әлеуметтік тұрғыда қорғау, алаяқтықтан сақтану, білім мен жастарды ауылда ұстап қалу және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласының мәселелерін қозғаған.

Өңірге барған депутаттыққа кандидаттар Армангүл Тоқтамұрат, Еділ Хамза, Юлия Кучинская, Динара Садуақасова және Ерқанат Мұсылманбек тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, барлық ұсыныс пен өтініштің кейінгі жұмыс үшін арнайы жіктеліп, тіркелгенін мәлімдеді.

«Біз келе сала мақсатымыз тұрғындарды тыңдау екенін айттық. Бәріміз осы өңірлерден шыққанбыз, бұл аудандарда жақындарымыз тұрады, сондықтан, осы елдімекендердің тағдырына бей-жай қарай алмаймыз», – деді олар.

Қостанай облысында тұрғындар нақты инфрақұрылымдық жобаларға қатысты сауалдар қойды.

«Су тарту саласында Троебрат ауылының тұрғындары жобалық сметасы дайын су құбырының құрылысына қатысты, Первомай ауылының халқы су құбырлары әбден тозғанына қатысты сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, «Ұзынкөл-Сарыкөл» арасындағы облыстық маңызы бар жолдың құрылысы да сөз болды», - дейді партия кандидаттары.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары шекара маңындағы жұмыспен қамту, байланыс сапасы және әлеуметтік қолдау мәселелеріне назар аударды.

«Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуенінің командасы әрбір кездесуде сайлауалды бағдарламаның басымдықтарын таныстырып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Партия кандидаттары осы айтылған өтініштердің бәрі арнайы тізімге еніп, жан-жақты зерделенетінін және құзыретті органдарға берілетінін атап өтті.

Партияның мәліметінше, мобильді керуен жұмысын жалғастырады. Жалпы республика бойынша алты мобильді керуен 24 шілде мен 18 тамыз аралығында 100 ауданды аралап, кемінде 10 мың тұрғынмен кездесуді жоспарлап отыр.

Дайындаған: 
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Комментарии
Другие материалы