"Тарихи келісім". Трамп ХАМАС-ты қарусыздандыру туралы айтты

193
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QYR0jHmU5DNgrt6e8JSUd68xFBtiB5MHOErd2KYP.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторындағы палестиналық ХАМАС қозғалысы мен өзге де қарулы топтарды толық қарусыздандыруға бағытталған «тарихи келісімге» қол жеткізілгені туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шетелдік БАҚ дерегінше, Трамптың келісімі оның Газа секторындағы соғысты тоқтатуға арналған 20 тармақтан тұратын жоспарын іске асырудағы маңызды кезең болып саналады. Ол келісім аясында Газа секторын Палестина халқына қолдау көрсететін Бейбітшілік кеңесімен бірлесіп жұмыс істейтін жаңа Палестина үкіметінің басқаруына беру көзделетінін айтты.

Сондай-ақ АҚШ президенті қарусыздану процесі аяқталғаннан кейін Израиль қорғаныс күштері Газа секторынан шығарылатынын жеткізді. Оның сөзінше, келісім ауыр қару-жарақты кезең-кезеңімен тапсыруды, қару-жарақ қоймалары мен жерасты туннельдерін жоюды және бұл үдерісті халықаралық бақылаумен жүргізуді қарастырады.

Алайда қазір ХАМАС қозғалысы да, Израиль билігі де аталған шарттарға келіскені туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін ХАМАС АҚШ қолдаған соғыстан кейінгі реттеу жоспары аясында Газа секторындағы үкіметін таратқанын жариялаған. 

Комментарии
Другие материалы