Президент сайлауы қашан өтетіні айтылды

233
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7FIikJFctD8SwJem6CBktwcW3rLfubX0eEq8K2Ec.jpg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасы президентін және Қырғыз Республикасы Жогорку Кеңешінің депутаттарын сайлау туралы» конституциялық заңға өзгерістер енгізу жөніндегі конституциялық заңға қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құжатқа сәйкес, кезекті президент сайлауы мемлекет басшысының өкілеттік мерзімі аяқталатын жылдың қаңтар айының төртінші сәрсенбісінде өтеді. Осылайша Қырғызстандағы келесі президент сайлауы 2027 жылдың 27 қаңтарына белгіленді.

Сонымен қатар Жогорку Кеңеш депутаттарының кезекті сайлауы да парламенттің қолданыстағы шақырылымының конституциялық өкілеттік мерзімі аяқталатын айдың соңғы сәрсенбісінде өткізілетін болады.

Хабарламада дауыс беру күнін жұмыс күніне ауыстыру сайлаушылардың белсенділігін арттыру мақсатында жасалғаны айтылған. Сайлау өтетін күн ресми түрде жұмыс істемейтін күн болып жарияланады.

Комментарии
Другие материалы