Жетім балаларға берілмеген көмек. Прокуратура колледжді тексерді

149
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LfGIdCRHs9R4WS8sFMogzHJv09eMsd7yQMXtDFIP.webp

Байзақ ауданында прокуратура жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Байзақ ауданы прокуратурасының мәліметінше, жүргізілген талдау барысында «Байзақ №3 колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының бұзылғаны анықталған.

Тексеру нәтижесінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 7 студентке, сондай-ақ мүгедектігі бар 1 студентке заңмен көзделген әлеуметтік кепілдіктердің берілмегені белгілі болды.

Атап айтқанда, студенттерге каникул кезінде демалуға жолдамалар ұсынылмаған, жол жүру және тәуліктік шығындары өтелмеген, киім-кешекпен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар екі айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі біржолғы әлеуметтік көмек те төленбеген.

Аталған заң бұзушылықтарға байланысты колледж басшылығының атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Нәтижесінде анықталған кемшіліктер толық жойылып, студенттердің әлеуметтік құқықтары қалпына келтірілді.

Комментарии
Другие материалы